aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады

29 января, 2023
in Қызыл бұрыш
0
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Будапешт қаласында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰЭМ басшысы үкіметаралық комиссияның отырысын аша отырып, ҚР Үкіметі атынан жиын қатысушыларына ілтипат білдірді және шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.

«Біз өзара тиімді және нәтижелі ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы артып келеді. Біз өзара сауданы ұлғайту үшін барлық күш жігерімізді салуымыз керек», деді Ә.Қуантыров.

Министрдің айтуынша, Қазақстан жеткізілетін тауарлардың көлемін ұлғайтуға және тауар номенклатурасын кеңейтуге дайын. Өткен жылы елімізде тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика, мұнай өңдеу және т.б. салаларда кәсіпорындар іске қосылды. Жалпыұлттық пул шеңберінде 2022 жылы $4,2 млрд құрайтын 160 жоба жүзеге асырылды. Жаңадан 15,7 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Қазақстанның транзиттік әлеуеті жоғары. Оны одан әрі дамыту мақсатында 2030 жылға дейінгі тиісті Тұжырымдама әзірленді. Оның мақсаты — тауарларды жеткізу жылдамдығын арттыру, халықаралық транзиттік-көлік дәліздерінің және логистикалық терминалдардың өткізу қабілетін жоғарылату», деді министр.

Оның сөзінше, аталған шаралар Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға да, Қазақстан арқылы Мажарстан мен Қытай арасындағы екіжақты саудадағы маңызды көлік бағыты болып табылатын «Захонь порты» жобасын дамытуға да ықпал ететін болады. Бүгінде Қазақстан мен Мажарстан үкіметтері арасында әуе көлігі туралы келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Бүгінде Қазақстанда венгр капиталының қатысуымен 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі салаларында бірлескен 39 компания құрылды», деді ҰЭМ басшысы.

Министр мажарстандық тарапқа Қазақстандағы перспективалық инвестициялық жобаларға қатысуды ұсынды.

Бұдан басқа, жиын барысында үкіметаралық комиссияның алдыңғы 7-ші отырысы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың қорытындылары қаралды. Бұдан бөлек, сауда, қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика, IT, экология, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Жалпы, тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша энергетика, білім, бизнес және т.б. салалардағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы 9 Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрі мен Мажарстанның Қаржы министрі БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді.

Алдыңғы жаңалық

Қордың қомақты қолдауы

Келесі жаңалық

5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі