aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Гвардиола командасын Чемпиондар лигасының жартылай финалына он рет шығарған бірінші бапкер атанды

20 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Гвардиола командасын Чемпиондар лигасының жартылай финалына он рет шығарған бірінші бапкер атанды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Испаниялық маман Пеп Гвардиола өз командасын Чемпиондар лигасының жартылай финалына он рет шығарған бірінші бапкер атанды.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Чемпиондар лигасы тарихында тек екі жаттықтырушы ғана кемінде тоғыз рет жартылай финалға жолдама алған. Италиялық маман Карло Анчелотти осындай табысқа тоғыз рет қол жеткізген.

Гвардиола Чемпиондар лигасының жартылай финалына «Барселонаны» төрт мәрте (2008/2009, 2009/2010, 2010/2011 және 2011/2012 жылғы маусымдарда), «Бавария» (2013/2014, 2014/2015 және 2015/2016) мен «Манчестер Сити» клубын үш реттен (2020/2021, 2021/2022 және 2022/2023) шығарып отыр.

Гвардиола бапкерлік еткен клубтар үш рет қана («Барселона» 2008/2009, 2010/2011 және «Манчестер Сити» 2020/2021 жылғы маусымдарда) финалға жолдама алды. Испаниялық маман «Барселонамен» бірге екі рет Чемпиондар лигасын ұтты.

Биылғы маусымда Гвардиоланың «Манчестер Сити» клубы Карло Анчелотти жаттықтыратын мадридтік «Реалмен» финал жолдамасын сарапқа салады. Алғашқы кездесу Мадридте «Сантьягу Бернабеу» стадионында 9 мамырда, қарымта ойын осы айдың 17-сінде өтеді.

Екінші жартылай финалда қос миландық клуб «Интер» мен «Милан» шеберлік байқасады.

Алдыңғы жаңалық

Қошанов: Парламент Үкіметтен ғана күтіп отырмай, қажет заңнамалық өзгерістерге бастамашы болуы керек

Келесі жаңалық

Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын өзі туған елді мекен маңынан кескен болуы мүмкін - ҰҚК

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі