aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Алматы қаласының бюджеті 265,4 теңгеге ұлғайды

21 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Алматы қаласының бюджеті 265,4 теңгеге ұлғайды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мегаполистің үш жылға арналған нақтыланған бюджетін бекітті.

Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті Алматыны дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптасқанын атап өтті.

«Осы жылдың І-ші тоқсанында экономиканың қарқынды дамуы бюджетті нақтылауға негіз болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ке өсті. Сауда (+29,4%), өңдеу өнеркәсібі (+24,5%), көлік (+21,8%) салалары экономика өсімінің драйверлері болды. Экономиканың дами түсуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді 32,1%-ке арттырды (барлығы 1 241,1 млрд теңге салық және міндетті төлемдер (132,1%), оның ішінде республикалық бюджет — 941,8 млрд теңге (139,3%), жергілікті бюджет – 299,3 млрд теңге (133,5%). Сіздерге бюджетті нақтылауға ұсынылған 265,4 млрд. теңге осы жылдың І-ші тоқсанындағы қосымша кірісті қалыптастыру, бюджет қаражатын іштей қайта бөлу және өткен жылдың бос қалдықтары есебінен жүргізілуде»,- деді қала әкімі.

Айтуынша, қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады.

Сонымен қатар Ерболат Досаев әкімдіктің бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 1 сәуірден бастап аудандық әкімдіктерге қалалық деңгейден қосымша 15 функция берілгенін тілге тиек етті. Осы орайда, өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде және ағымдағы нақтылауды ескере отырып, 8 аудандық әкімдіктің 2023 жылға арналған бюджеттері 60,4-тен 164,5 млрд теңгеге дейін 2,7 есе көбейеді. Бұдан басқа аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайды, оның ішінде жаңасы – 56, 96-ы қалалық басқармалардан берілді.

«Осы шаралардың арқасында аудан әкімдіктерінде жаңа мүмкіндіктер мен қосымша қаржы ресурстары пайда болады, шешімдер қабылдау жылдамдығы мен сапасы жақсарады әрі аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артады»,- деді Ерболат Досаев.

Алдыңғы жаңалық

Еліміздің оңтүстігінде шетел азаматы теракт ұйымдастырмақ болған - ҰҚК

Келесі жаңалық

Алматыда автотұрақ ақысы көтеріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі