aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Конституциялық сот: Адамның фотосын келісімінсіз пайдалану Конституцияға қайшы емес

22 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Конституциялық  сот: Адамның фотосын келісімінсіз пайдалану Конституцияға қайшы емес
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің Конституциялық соты бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде адамның бейнесін (фото) рұқсатсыз пайдалануға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық сотқа азамат С.В. Наумцевтен БАҚ беттерінде адамдардың бейнесін жария етуге қатысты өтініш келіп түсті. Өтініш иесінің айтуынша, БАҚ-та адамның бейнесін (фото, видео) рұқсатсыз пайдалану Конституцияда бекітілген жеке өмір, жеке және отбасылық құпияға қолсұғылмаушылық құқығына қайшы келеді.

Конституциялық сот келесі ұстанымдарды алға тартты. Қазақстан Республикасында азаматтың өз бейнесін қорғау құқығы мемлекеттің қадағалауында. Жеке бас бейнесін қорғау тек конституциялық нормалармен ғана емес, азаматтық заңнамамен де реттеледі. Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес адамның бейнесін жариялау мен қайта пайдаланудың алдында оның келісімін алуды талап етеді. Сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7 және 15-баптарының ережелерін ескеру қажет, ол бойынша дербес деректерді пайдалануда меншік иесінің келісімі болған кезде ғана жол беріледі.

Сондай-ақ, өтініште БАҚ туралы заңның 14-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасын алып тастау немесе аталған тармақшаның конституциялылығын қамтамасыз ету үшін соттың қалауы бойынша басқа да әрекеттер қабылдау мәселесі де қойылған.

Қазақстан Республикасының Конституциялық соты жоғарыдағы жайтты қарай келе келесіні қаулы етеді:

1. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп танылсын.

2. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.

3. Осы нормативтік қаулы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде жеке үйде болған өрттен 2 бала көз жұмды

Келесі жаңалық

Өзенмұнайгаз бен «БерАли» компаниясында аса ірі көлемде ақша жымқыру бойынша тергеу жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі