aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстан макаронды көп жейтін елдердің қатарында көш бастап тұр

24 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Қазақстан макаронды көп жейтін елдердің қатарында көш бастап тұр
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Қазақстанда 39,3 мың тонна макарон өнімдері шығарылды. Жан басына шаққанда қазақстандықтар 17-18 келі макарон өнімдерін тұтынады. Айта кетсек, аталған өнім қымбаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Кеспе және макарон өнімдері — қазақстандықтардың рационындағы маңызды элементтердің бірі. Әсіресе, аталған өнім ұлттық тағамдармен тығыз байланысты.

Қазақстанда биыл бірінші тоқсанда макарон түрлері өндірісі 39,3 мың тоннаны құрады, көрсеткіш өткен жылмен бірдей (- 0,8%).

Макарон өнімдері негізінен Қостанай облысы, СҚО, БҚО және Астана, Шымкент қаласында шығарылады. Еліміздегі макарон өнімдерінің 77% аталған өңірлерге тиесілі.

Өнімнің 33%-ға жуығы жұмыртқа негізінде дайындалады. Биыл үш айда 12,8 мың тонна жұмыртқа қосылған макарон өнімдері шығарылды.

Оның ішінде 11,7 мың тоннасы — түрлі макарон және 1 мың тоннадан астамы — кеспе.

Өткен жылы макарон өндірісі 166,1 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 4%-ға жоғары.

Рекордтық өндіріс 2020 жылы тіркелді, яғни 178,9 мың тонна.

Елімізде макарон өнімдерінің танымал және сұранысқа ие екенін ескерсек, аталған сектор аса маңызды. Сондықтан өндірістің ұлғаюын оң көрсеткіш деуге болады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылы макарон өнімдерін (вермишель, спагетти, макарон және рожки) тұтынуды жан басына шаққанда 18 келіні құрады. Бұл Тунис елімен салыстырғанда бір есе, ал АҚШ-тан екі есе көп.

Өткен жылы тұтыну жан басына шаққанда 17,3 келіге дейін аздап төмендеді. Соған қарамастан басқа елдермен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Алуан түрлі ұлттық тағамдарды ескерсек, бұл таңқаларлық емес.

Биыл үш айдың қорытындысы бойынша елімізде макарон өнімдері 35,1%-ға қымбаттады. Оның ішінде кеспе 36,2%-ға, вермишель 35%-ға және рожки бағасы 33,2%-ға өскен.

Осы тұста шағын және орта бизнеспен пен тамақ өнеркәсібіндегі өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар стратегиялық маңызға ие.

Алдыңғы жаңалық

СҚО-да қызыл паспортпен жүрген 7 адам жаңадан жеке куәлік алды

Келесі жаңалық

Банкроттық рәсімдеуге 3 мыңнан астам алматылықтан арыз түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі