aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ақмола облысында жалған хаттама толтырған полиция қызметкері сотталды

24 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Ақмола облысында жалған хаттама толтырған полиция қызметкері сотталды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақмола облысында жұмыс көрсеткішін ұлғайтып көрсету үшін әкімшілік хаттаманы бұрмалаған Қосшы қалалық полициясының учаскелік инспекторы сотталды. Сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қосшы қаласының прокуратурасы полиция қызметкері тарапынан әкімшілік хаттамаларды бұрмалау деректерін анықтаған.

«Мәселен, учаскелік полиция инспекторы 2021 жылдың мамыр және тамыз айларында полицияда профилактикалық есепте тұрған Қосшы тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 437-бабы «тыныштықты бұзу» және 408-бабы «иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу» бойынша екі хаттама толтырады. Бұл ретте ол құқық бұзушының қолы мен түсіндірмесін бұрмалаған. Сонымен қатар, ол азамат 2021 жылдың мамыр айында Ресейге барған, яғни хаттама жасау кезінде, тіпті Қазақстан Республикасының аумағында болмаған. Осылайша, учаскелік инспектор өзінің ведомстволық көрсеткіштерін жасанды түрде арттырды», — деді ведомстводан.

Қала прокурорының наразылығы бойынша сот әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күшін жойды. Ал, полицейге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 416-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеуді Ақмола облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүзеге асырды.

«Қосшы қалалық сотының үкімімен полиция қызметкері бір жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған қоса, рақымшылық актісі бойынша негізгі жазадан босатылып, бес жылға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданылды», — деп толықтырды ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енді.

Алдыңғы жаңалық

Банкроттық рәсімдеуге 3 мыңнан астам алматылықтан арыз түсті

Келесі жаңалық

СҚО-да биыл 36 елді мекенде су мәселесі шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі