Астанада жылыту маусымы аяқталады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Ауа райының қолайлығына байланысты 27 сәуірден бастап жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды», — делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, талапқа сәйкес, бес күн қатарынан +10 градус температура сақталған жағдайда тұрғын үйлер жылудан ажыратылады.
Бұған дейін жылыту маусымы Қостанай, Петропав және Тараз қалаларында аяқталған болатын.