aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Петропавлда көлік жүргізушісі алты айда 68 мәрте жол ережесін бұзған

27 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Петропавлда көлік жүргізушісі алты айда 68 мәрте жол ережесін бұзған
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Петропавлда «Lada Priora» автокөлігімен жүріп, өткен жылдың қараша айынан осы жылдың сәуіріне дейін жол қозғалысы ережесін 68 рет бұзған жүргізуші анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басапсөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда «ақылды» бейнекамералардың жұмысын талдай отырып, әкімшілік полиция қызметкерлері қаскүнем бұзушыны анықтады.

Ол шетелдік тіркеуде тұрған «Lada Priora» автокөлігімен жүріп, жарты жылдың ішінде жылдамдықты 68 рет асырып, тоқтау сызығынан өтіп кеткен.

Айыппұлдың жалпы сомасы — 1,5 млн теңге.

Құқық бұзушының деректері бағдарға енгізілді. «МЕГАКАМ.ҚОРҒАУ» қосымшасын пайдалана отырып, оны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты.

35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келді.

Полицейлердің айтуынша, бұл жалғыз мысал емес.

Жақында Петропавл қаласының полицейлері бір айда белгіленген жылдамдықты 32 рет асырған 22 жастағы жігітті жауапқа тартты.

Саумалкөл елді мекенінде тағы бір жылдам жүруге әуесқой тоқтатылды. Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны биыл 16 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.

Екеуі де ресейлік есепте тұрған «ВАЗ» автокөліктерін басқарған. Олар «ақылды» бейнекамералардың көмегімен анықталды.

«Облыста жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейтін 35 видеожүйе жұмыс істейді. Аппараттық-бағдарламалық кешендер жол-көлік оқиғаларын жиі тудыратын бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жылдамдық режимін бұзу фактілерін анықтайды. Олар полицияның сенімді құралы, жыл басынан аппараттардың көмегімен СҚО жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды», — дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

ҚазАқпарат

Алдыңғы жаңалық

Алматыда тазалықты насихаттайтын #ТазаТау көрмесі ашылды

Келесі жаңалық

29 сәуір күні Астанада жүгіруден қайырымдылық жарысы өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі