aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Астанада 7 айлық нәрестенің бауыры алмастырылды, донор – әкесі

28 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Астанада 7 айлық нәрестенің бауыры алмастырылды, донор – әкесі
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елордада ауыр хәлдегі 7 айлық нәрестеге бауыр трансплантациясы жүргізілді. Отаға «Қазақстан халқына» қоры қолдау білдірді, ал әкесі донор болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Менің ұлыма бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ана мен бала орталығының дәрігерлері трансплантацияны емдеудің ең тиімді әдісі деп айтты. Әрине, мұны естігенімізде баламыздан айырылып қаламыз ба деген қорқыныш болды. Жұбайым донор болуға мүмкіндігі бар екенін білген соң, дәрігерлерге сеніп, барлық анализдерді бірден тапсырып, дайындықты бастап кеттік. Операциядан аман-есен өтіп, бір жеңілдеп қалдық. Қорқыныш болды, бірақ сеніміміз алдамады. Сондықтан, баламызды аман сақтап қалған Ана мен бала орталығының барша дәрігеріне алғыс айтамыз», — дейді анасы Қарлығаш.

Баланың ағзасын ауыстыру үшін Жапония мен Непалдан мамандар шақыртылған. Операция «University Medical Center» корпоративтік қорының базасында өткізілді. Трансплантаттау барысына нәрестенің жасы (7 ай) мен салмағының аздығы (8 кг) әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жағдайының өте ауыр болуы, тыныс алуының бұзылуы мен басқа да асқынулар қиындатты. Дегенмен, операция сәтті өтіп, жағдай тұрақтанған соң, бала мен әкесі ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы.

Операция «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Жапонияның ұлттық денсаулық және даму орталығының (Токио) органдарды трансплантациялау орталығы дәрігерлерімен бірлесіп, «1 жасқа дейінгі балалардың бауыр трансплантациясы» тақырыбындағы тәлімгерлік шеберлік сыныбы шеңберінде жүргізілді. Шақыртылған мамандар «University Medical Center» ҚҚ қызметкерлеріне бауыр трансплантациясын жүргізуге мұқтаж науқастарды операция алдындағы даярлау, анестезиологиялық жәрдем, жедел техника және операциядан кейінгі басқару тақырыптары бойынша 3 күн бойы оқытты.

Айта кетсек, ерте жастағы науқастарға, әсіресе дене салмағы 10 кг аз балаларға бауыр трансплантациясы жеткілікті дағды мен тәжірибенің болмауына байланысты Қазақстан Республикасында жүргізілмейді. Сондықтан, осындай оқу, дағдылар мен технологияларды меңгеру дерттің асқыну санын азайтып, науқастардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартпақ.

Алдыңғы жаңалық

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 10,7 пайызға өсті

Келесі жаңалық

Серік Күдебаев 10 жылға сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі