aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қарағанды хайуанаттар бағындағы жылқы адамдарды жарақаттады

30 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Қарағанды хайуанаттар бағындағы жылқы адамдарды жарақаттады
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қарағанды хайуанаттар бағында әуе шарларынан үркіген ат келушілер демалып отырған кұркеге секірген. Салдарынан 4 адам зардап шекті.

Оқиға кеше кешкі алтының шамасында болған. Балаларды арбамен серуендететін ат байлаулы тұрған жерінде әуе шарларынан үркіп, жақын маңда демалып отырған адамдарға секірген. Хайуанаттар бағында хабарланғандай, оқиға салдарынан ер адам мен оның екі баласы жарақат алып, жұбайының аяғы мен арқасы жарақаттанған.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері 5 жыл ішінде бұл жылқы ешуақытта мұндай мінез көрсетпегенін айтады. 8 жастағы ат әрдайым жуастығымен ерекшеленген. Алайда, кеше ол желпілдеген әуе шарларынан қатты үркіп, дүрбелеңге салынып, жанында тұрған күркеге секірген.

«Бұл жағдай жұмыс күні аяқталып қалған кезде орын алды. Жылқы байлаулы тұрған. Осы кезде оның жанынан шар ұстаған бала өтіп бара жатқанда, қатты жел ұйытқып, шарлар атқа қарай ұшқан. Содан үркіген жылқы, байланған арқанды үзіп, жақын жерде тұрған кұркеге қарай шапты. Онда бір отбасы демалып отырған еді. Олар жеңіл жарақат алды. Біз жедел жәрдем шақырдық, содан кейін оларды ауруханаға апардық», — дейді Қарағанды қаласы хайуанаттар бағының тұяқтылар бөлімінің басшысы Ербол Ғабдуллин.

Зардап шеккен отбасына медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге жіберілді.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері келушілерден шарлар әкелмеуді сұрайды. Зообақтың аумағында оларды сатуға тыйым салынған. Алайда балалар мен ата-аналар әуе шарларын өздерімен бірге алып келеді екен.

«Біз хайуанаттар бағына келушілерден шарларды өздерімен бірге алып келмеуін сұраймыз. Не дегенмен, бұл жануарлар. Олар өте үркек болады және әр сыбдырдан қорқуы мүмкін», — деп қосты Ербол Ғабдуллин.

Сондай-ақ, хайуанаттар бағының өкілдері ипподром жұмысын бастағанға дейін жылқылармен серуендеуді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Оның құрылысы аяқталу сатысында.

ҚазАқпарат

Алдыңғы жаңалық

Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Келесі жаңалық

Қазақстанды боксшы Ангелина Лукас WBC атағын жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі