aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Бір айға жуық уақыт бұрын жоғалған қыздың мүрдесі табылды

2 мая, 2023
in Uncategorized
0
Бір айға жуық уақыт бұрын жоғалған қыздың мүрдесі табылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атырауда 6 сәуірде із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыздың мүрдесі табылды.   Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Кәмелетке толмаған баланың денесі табылғаны туралы атасы Амангелді Қазбеков әлеуметтік желіде жазды.

«Менің немерем Әсемайым табылды. Ертең сағат 10-да намазын шығару ұйғарылды», -деген Амангелді Қазбеков.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырауда жасөспірім 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, кейін оралмаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздеуге 7 сәуірде кірісті.

Кейін қыз баланың жоғалуына қатысты туралы жаңа мәліметтер белгілі болды.

«Соңғы бейнебақылау камерасынан Әсемайдың тек көпірге көтеріліп бара жатқаны көрінді. Сол жағадағы бір тұрғын үйдің камерасын қарауға үмітіміз болды. Алайда үй иесі 3 күн үйінде болмаған еді. Үй иесі аңшылыққа кеткен екен. Кейін оның келгенін білдік. Әсемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарап шықты. Өкінішке орай камерадан Әсемай қызымыздың көпірден секіріп кеткені көрінген», — деп хабарлады жергілікті белсенді Сандуғаш Кукенова.

Сондай-ақ 16 жасар қызды іздестіріп жатқан сүңгуірлер жұмысты тоқтатуға мәжбүр болғанын жазған едік.

«Осы кезге дейін жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Жайық өзенінің 730 шаршы метрден астам аумағында су астынан іздеуді жүргізді. Алайда, бүгін, 19 сәуірде Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне, ағыстың жылдамдығы мен жел екпінінің күшеюіне байланысты іздестіру тоқтатылды. Өйткені, сүңгуірлерге өзен ағысының жылдамдығы секундына 2 метр болғанда іздестіруді жүргізуге рұқсат етіледі. Қазір Жайық өзеніндегі су ағысының жылдамдығы – секундына 3,5-4 метр», — деп мәлім еткен еді қоғаммен байланыс тобынан.

Алдыңғы жаңалық

Құрманай Бахтиярқызы: Менің телефонымды ұрлап кетті

Келесі жаңалық

Тұрғындар 65 дана заңсыз қаруды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі