aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Есту қабілеті бұзылған актерлер театры Дубайда гран-при алды

3 мая, 2023
in Uncategorized
0
Есту қабілеті бұзылған актерлер театры Дубайда гран-при алды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Қазақстан облысында есту қабілеті бұзылған актерлер театрының бишілері Дубайдағы хореографиялық өнер фестивалінде гран-при алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жазды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Sensitive би театры Петропавлдағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ базасында құрылған.

Халықаралық конкурстарда дебют жасаған облыстық түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бірнеше номинация бойынша жеңіске жетті. Атап айтқанда, «соло» (Даниал Кангожин) және «дуэт» (Евгений Кузьмин және Екатерина Воропаева) санаттарында үздік атанды.

Ал мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің аға құрамы «Вена вальсі» және «Самба» хореографиялық қойылымдарымен бірінші орын алды.

Сондай-ақ Sensitive театры қазылар алқасының да арнайы сыйлығына ие болды.

«Мен театрдың шығармашылық ұжымын және Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы мектеп-интернатының түлектерін толайым табыстарымен құттықтаймын. Бұл – отандық инклюзивті театр мен Қазақстанның театр өнері үшін үлкен жетістік. Сонымен қатар бұл біздің ерекше қажеттіліктері бар отандастарымызды шабыттандыратын тамаша нәтиже. Бұл қандай жағдай болсын сіздің шығармашылық әлеуетіңізді жүзеге асыруға болатындығының айқын дәлелі. Театрға болашақ байқауларда шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілеймін!», — деп жазды министр.

Алдыңғы жаңалық

Коронавирус пен пневмонияға 74 адам шалдықты

Келесі жаңалық

Түркістан облысында Марокко шегірткесі 90 мың гектар алқапты бүлдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі