aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдады

3 мая, 2023
in Билік
0
Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны ФИФА президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты.

photo

Мемлекет басшысы ФИФА-мен арадағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына жоғары баға берді.

«Сіздің сапарыңыз Қазақстан футболын дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Әлемде ең танымал спорт саналатын футболды дамытуда ауқымды іс атқарып жатқаныңызды білемін. Сіздің еңбегіңізді құрметтейміз және ФИФА президенті ретінде қолдаймыз. Біз ФИФА-мен және жеке өзіңізбен ынтымақтастықты нығайта түсуге дайынбыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

photo

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 1 миллионнан астам адам футболмен жүйелі түрде шұғылданады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығады.

Джанни Инфинтино ФИФА-ның үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін айтты.

«Еліңізге бірнеше рет келгенмін, бірақ ФИФА президенті ретінде алғаш рет келіп тұрмын. Осы себепке орай сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл тамаша елдегі әрбір футбол жанкүйері сияқты Сіз де футболды ұнататыныңызды білемін. Біз бірлесе отырып, көптеген ауқымды істерді атқара аламыз. Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге жұмыс істеуміз қажет. Себебі осы елдегі, сондай-ақ басқа елдердегі қоғамды футбол арқылы біріктіру үшін мүмкіндік мол», — деді Джанни Инфантино.

Алдыңғы жаңалық

FIFA президенті Астанаға келді

Келесі жаңалық

ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видеоға түсінік берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі