aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Дәулет Мұқаев: Солтүстікке қоныс аударғандарға сапасыз баспана беріліп жатыр

3 мая, 2023
in Билік
0
Дәулет Мұқаев: Солтүстікке қоныс аударғандарға сапасыз баспана беріліп жатыр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев солтүстікке қоныс аударушыларды қолдау мәселелерін көтерді. Бұл жөнінде депутат Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы солтүстікке 7923 адам қоныс аударған. Олардың 1320-сы қандас және 6603-і ішкі қоныс аударушылар болған. Ал биыл 8652 адамға квота бөлінген. 2021-2025 жылдарға бұл бағдарламаға 46,7 миллиард теңге бөлінсе де оң нәтижесін бермей отыр. Себебі көшіп барғандар көп ұзамай өз аймақтарына қайтадан көшіп жатыр», — деді депутат Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының өзінде-ақ миграция сальдосы теріс мәнге ие. Соңғы жылдары оңтүстік аймақтан көшіп келген 600 адам бұл облыстан қайта көшіп кеткен. Олардың саны жыл санап артуда.

«Қоныс аударған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға үй құнының 50%, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын сомада қаржы беріледі. Бұл — қоныс аударушыларға үлкен көмек. Әйтсе де, Үкімет тарапынан салған баспананың сапасыздығына арызданған жандар өте көп. Жаңадан салынған үйлердің сапасыз екенін ескеріп, мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі нарықтан тұрғын үй сатып алу немесе өздеріне үй салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», — деді Д. Мұқаев.

Сонымен бірге, депутат ауа райы мен қоныс аударушылардың адаптациялық кезеңін ескере отырып, қоныс аударуды тек ерте көктемде жүргізуді ұсынды.

«Қоныс аударған ағайынға жат жердің тыныс-тіршілігіне үйренуге жәрдемші болатын арнайы бейімдеу орталығы мен бірегей сайт, жедел желі телефоны іске қосылуы керек. Себебі қоныс аударушы қандастарымыздың көбі кирилл қаріптерін оқығанда қиналғандары байқалады. Ал өзіміздің жергілікті халық болса көші-қон жайлы толық ақпарат біле бермейді. Себебі ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары өте аз. Қоныс аударушыларды арнайы комиссия негізінде іріктеп, кәсіпке икемі бар, көпбалалы отбасыларға басымдық берілуі керек. Көшкен соң туған әр сәбиге де берілетін жәрдемақы деңгейін арттыру демографияға серпін берері сөзсіз», — деді спикер.

Жұмыс орындарын көбейту мақсатында жұмыс беру мүмкіндігі бар кәсіпкерлерді көшіруге ықпал ету немесе жас кәсіпкерлерді қызықтыратын арнайы өңірлік бағдарлама әзерлеу керегі де айтылды.

«Қоныс аударғандардың кәсібін дөңгелетіп әкетуге 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несиелер санын арттырып, субсидиялар, гранттарды ұлғайту керек. Алтай Сейдірұлы, биыл халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру үшін қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді? Қоныс аудару жұмыстары мен ақпараттандыру қандай жоспарда жүріп жатыр? Жоғарыда айтқан ұсыныстарды ескеріп, жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша ұсынуыңызды сұраймын», — деді Дәулет Мұқаев.

Алдыңғы жаңалық

ШҚО түрмесіндегі ұрып-соғуға қатысты видеоға түсінік берілді

Келесі жаңалық

ФИФА басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболка сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі