aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Бірқатар ел Суданнан азаматтарын эвакуациялауды жалғастырып жатыр

5 мая, 2023
in Uncategorized
0
Бірқатар ел Суданнан азаматтарын эвакуациялауды жалғастырып жатыр
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Көптеген ел Судандағы дипломатиялық миссиялары мен азаматтарын эвакуациялап жатыр. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.

Бүгінге дейін 50-ден астам ел, оның ішінде Түркия, АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Сауд Арабиясы, Эфиопия мен Египет азаматтарын теңіз, әуе және автожолдар арқылы эвакуациялауды ұйымдастырды.

Түркия СІМ Мевлют Чавушоглу Анкара Суданнан 2 061 адамды эвакуациялағанын айтты, оның 1763-і түрік азаматы болса, 298-і – 22 елдің азаматы. Дипломатиялық ведомство басшысы Судан билігі Түркия елшілігін уақытша Хартумнан Порт-Суданға ауыстыруды ұсынып, жаңа ғимарат береміз деп уәде бергенін айтты.

«Шындығына келгенде, біз шешім қабылдап қойдық, тәуекел ете алмаймыз. Егер жағдай ушығып кетсе, астанадан шығу қиын болады. Елшілікті уақытша Порт-Суданға ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», — дейді дипломат.

Әзербайжан СІМ Түркияның көмегімен Суданнан 26 азаматы эвакуацияланғанын хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының көмекшісі Ведант Патель Порт-Суданға 29 сәуірде үш автотізбек барғанын, АҚШ үкіметі 700-ден астам америкалыққа көмек көрсеткенін мәлімдеді. Патель АҚШ билігі азаматтарын тез арада эвакуациялау үшін тынбай жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Ресей үшінші апта қақтығыс болып жатқан Суданнан 200-ден астам ресейлік дипломат пен қатардағы азаматты эвакуациялағанын хабарлады.

Францияның Сыртқы істер министрлігі 27 сәуірде Суданнан 936 адам эвакуацияланғанын хабарлады. Мекеме эвакуацияланғандардың ішінде Франция азаматтарымен қатар, британиялық, америкалық, канадалық, эфиопиялық, голландиялық, италиялық және швед азаматтары бар екенін хабарлады.

Иран СІМ ресми өкілі Насер Канани Судандағы қақтығыс басталғалы 65 ирандықтың эвакуцияланғанын хабарлады.

Египет СІМ мәлімдемесі бойынша, қарулы қақтығыс басталғалы Суданнан 5 300-ден астам азамат эвакуацияланған. 28 сәуірде тағы 2 648 Египет азаматы, оның 1 365-і құрлық арқылы, 1 283-і әуе арқылы жеткізілді. Ведомство мәліметі бойынша, Суданда 10 мыңнан астам египеттік тұрады.

Алдыңғы жаңалық

Өскеменде көпірден секіріп өлмек болған 23 жастағы жігіт құтқарылды

Келесі жаңалық

Кентауда желмен ұшқан мектеп шатырының бөлігі мұғалімнің басына түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі