aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығарылмақ

5 мая, 2023
in Uncategorized
0
Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығарылмақ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кәсіби мейрамдар мерекелік күндер тізімінен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған,

«Кәсіби мерекелер туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, енді кәсіби мерекелерді қоспағанда, мейрам күндерінің тізбесін Үкімет белгілейді. Ал, кәсіби мерекелердің тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, яғни Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді.

Атап айтқанда, ведомство өзінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен келесі кәсіби мерекелерді бекітеді:

— Медицина күні

— Мұғалімдер күні

— Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

— Полиция күні

— Шахтер күні

— Ғылым қызметкерлері күні

— Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

— Мемлекеттік қызметшілер күні

— Металлургтер күні

— Құрылысшылар күні

— Шекарашылар күні

— Ұлттық валюта күні және басқалары.

Осылайша, Үкімет қаулысымен бекітілген мерекелер қатарында мына атаулы даталар қалады:

— Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан

— Алғыс айту күні – 1 наурыз

— Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр

— ҚР мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым

— Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі

— Абай күні – 10 тамыз

— Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі

— Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні– 29 тамыз

— Білім күні – 1 қыркүйек

— Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі

— Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек

— Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі

— Қарттар күні – 1 қазан

— Нан күні – 16 қазан

— Энергия үнемдеу күні – 11 қараша

— ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

«Жобаның мақсаты – қоғамдық-саяси маңызы бар, сондай-ақ дәстүрлі түрде қазақстандықтар атап өтетін оқиғаларға арналған мерекелерді мерекелеу. Мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды өткізумен қатар жүреді», — делінген құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде.

Құжат 19 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

ҚазАқпарат

Алдыңғы жаңалық

Ақмола облысындағы Кировское ауылына қазақша атау берілмек

Келесі жаңалық

Алматының Түрксіб ауданында үйлер ыстық судан ажыратылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі