Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-туры басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Аталған тур 6 және 7 мамыр күндері өтеді. Бүгін 4 ойын болса, ертеңге қалған 3 кездесу белгіленген.
Бүгін, 6 мамырда сағат 17:00-де «Ақтөбе» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайрат» (Алматы) командалары сегізінші турдың шымылдығын түреді.
Ал 19:00-де «Астана» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездессе, 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.
7 мамырда 15:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнаса, 17:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Елімай» «Тұраннан» басым түсті