aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Абай облысында 5 мердігер ұйым үйлерді сапасыз салған

6 мая, 2023
in Uncategorized
0
Абай облысында 5 мердігер ұйым үйлерді сапасыз салған
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Абай облысында үйлерді сапасыз салған 5 мердігер ұйым жауапқа тартылды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізген 5 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ең өрескел бұзушылықтар Семей қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылыс нысандарында анықталды», — деді Абай облысының бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқазақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысы келіп түскен өтініштер негізінде көпқабатты тұрғын үйлердің 19 объектісінде жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін, оның 15-і жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқумен салынғанын айтты. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған материалдар құрылысқа қайта жаратылғаны анықталды.

«Талдау көрсеткендей, көп жағдайда құрылыс субъектілері салалық заңнаманы білмеуден, жобалау құжаттамасының сапасыз дайындалуынан, мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз орындауынан, техникалық және авторлық қадағалау тарапынан бақылаудың әлсіздігінен осындай бұзушылықтарға жол береді. Бұл, сайып келгенде, құрылыстағы заңнама мен мемлекеттік нормативтердің бұзылуына әкеледі», — деді Азамат Байқазақов.

Биылғы жыл басталғалы Абай облысының бақылау басқармасы азаматтардан 397 өтініш қабылдап, қарады. Ведомство сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында жоспардан тыс 46 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 32 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 32 ұйғарым берілді.

Азамат Байзақов басқарма жұмысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 23,6 млн теңгеге 68 әкімшілік іс қозғалғанын, оның ішінде 32 іс шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілгенін атап өтті.

Алдыңғы жаңалық

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

Келесі жаңалық

Медеудегі отпен күрес кезінде өрт сөндіруші қаза болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі