aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

8 мая, 2023
in Uncategorized
0
Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол тиісті жарлыққа қол қойылғаны жөнінде Олий Мажлис палаталары, партиялар, сот және атқарушы билік басшыларымен референдум нәтижесіне арналған кездесуде айтты. Бұл туралы Газета.uz хабарлайды.

«Әрине, мұндай шешімнің қандай объективті қажеттілігі бар?» деген сұрақ туындайды. «Неліктен мен президенттік мерзімімнің қалған 3,5 жылынан

өз бетіммен бас тартып отырмын?», — деді Ш.Мирзиеев.

Өз сауалына берген жауабы: «Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің Негізгі заңға сәйкес, біріншіден, биліктің барлық тармағы реформаланады. Олардың арасында қарым-қатынас пен баланс айтарлықтай өзгереді.

Екіншіден, жаңартылған Конституция президент, парламент, үкімет, министрліктер мен хокимдер алдына уақыт күттірмейтін жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттер қойып отыр.

Үшіншіден, халқымыз бізден барлық салада аса маңызды және өзекті өзгерістер мен реформалар күтеді.

Төртіншіден, әлемде және өңірде шиеленіскен және қиын процестер болып жатқан қазіргі жағдайда, дамудың дұрыс әрі тиімді жолын іздестіру және іске асыру ең өзекті, ең маңызды мәселе болып отыр».

Еске салайық, 6 мамыр күні Өзбекстанның Сайлау кодексіне президентті, заң шығарушы палата мен Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысты өзгерістер енгізілген болатын.

Ел президенті кезектен тыс сайлауды жариялаған күннен бастап науқан екі ай мерзімі ішінде өткізілуі қажет.

Алдыңғы жаңалық

Медеуде тағы бір құтқарушы жарақат алды, өртпен күрес жалғасуда

Келесі жаңалық

1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі