aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сара Тоқтамысова: Ата-анаңа көмектеспе дейтіндерді түсінбеймін

10 мая, 2023
in Uncategorized
0
Сара Тоқтамысова: Ата-анаңа көмектеспе дейтіндерді түсінбеймін
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова бүгінгі күнде кең таралған «бала күндегі травма» деген пікірмен келіспейтінін айтып, ата-анаға көмектеспе деген психологтарды қатаң сынға алды. Айтыскер ақын бұл ойымен өзінің желідегі парақшасында бөлісті. «Қазір сәнге айналып кеткен осы бір “бала кезден травма бар, ата-ананы ақтау керек” деген нәрселер менің миыма сыймай қойды. Бұл өмірде травма іздесең травманың көкесін табасың ғой. Өткенді қазбалап ата-ананы кінәлағаннан не пайда? ⠀Кез-келген психотерапевтке барсаң сонау балалық шағыңа апарады. Бала кезіңде анаңның вниманиесін алмағансың, әкең қатал болған, қалаған дүниеңді ала алмағансың” соның бәрі саған травма боп қалған дейді (сол психотерапевттер Бердібек Соқпақбаев атамыздың балалық шағына саяхат жасап келсе не болар екен? Онда өз балалық шағымен жылап көрісетін шығар, иә? Біз бақытты екенбіз ғой дейтіндері анық). ⠀Ал былай қарап тұрсаң оның өзі бір кезең, оның өзі бір тәжірибе шығар. Оның өзі бір дәурен. Ол бір заман. Сол замандағы адамның бәрінің проблемасы да бір. Мәселе проблемаға қалай қарағаныңда боп тұр. Егер оны “мен сондай дүниелерді ала алмадым” деп қарасаң травма болады. Ата-анаға ренжуден Алла сақтасын. Оларға ренжігенің Аллаға ренжігенің. Тағдырыңа қарсы келгенің емес пе? Өйткені сені осындай ата-анаға Алла берді. Алланың қалауымен болған дүниеге қарсы шықпаңыздар. Одан кейінгі мәселе — барлық психотерапевт бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай “өзіңе көп жүк алып алғансың. Ата-анаңа бала емес, ата-ана боп кеткенсің. Оларға көмектесе берме” дегенді айтады. Ол не сөз? Егер қолыңнан кеп тұрса ата-анаңа, жақыныңа жәрдемдескенге не жетсін. Асылдарым, өткенді қазбалап, ата-анамызды кінәлап травма іздегенше көзі тірі тұрса барынша алғысымызды айтып, қолымыздан келгенше көмектесіп батасын алуға тырысайықшы. Травмаңмен алысып, оларды ақтаймын деп сенделіп жүргенде, қолыңды мезгілінен кеш сермеп қалма», — деп жазды ол.

 

JQ-Aqparat

Алдыңғы жаңалық

Үш адамды қасақана өлтіріп, біреуін жаралаған жігіт өмір бойына сотталды

Келесі жаңалық

Алтай Көлгінов: Әлеуметтік төлемнің теріс әсері бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі