Отандық әншілер Райым мен Ерке Есмахан заңды некеге тұрды. Бұл туралы Ерке Есмаханның өзі әлеуметтік желіде хабарлап, неке қию рәсімі кезінде түсірілген кадрларды бөлісті. Ерке Есмаханның айтуынша, олар заңды некеге сәуір айында тұрған. Дегенмен, бұл жаңалықты көпшілікке енді айтуды жөн көрген. «Ораза айында заңды некеге отырайық деп келе жатырмыз. Бүгін сәуірдің төрті. Сағат үш жарым және қай жерге келдік десеңші? Түрксіб АХАТ бөлімі. Енді осы жерде жаным, екеуіміз үйленеміз деп ойламаппын. Осындай әдемі жерде неке қиятын боламыз және заңды неке куәлігін аламыз», — дейді Ерке Есмахан рәсімнен бұрын түсірілген видеода. Сондай-ақ әнші неке куәлігін де көрсетті. «Неге бәрі тіпті қарапайым болды демеңіздер, біз үшін ең бастысы – отбасымыздың бақыты», — деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы stories бөлімінде.