Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында жаз бойы ыстық су болмайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Алтай ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қала бойынша жылыту маусымы 5 мамыр күні аяқталған. Енді жылу желілеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жаз бойы тұрғындар ыстық сусыз отырады.
«1 маусымнан бастап үйлерде ыстық су болмайды. Сол кезде қазандықтар толық өшіріледі. Жоспар бойынша ыстық су қыркүйек айында қосылады. Осы уақыт аралығында қазандықта, жылу желілерінде жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», — делінген ақпаратта.