Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия Чемпионы атанды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.
102 салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Нұрғиса жұлқи көтеруде (181 келі) кіші күміс, және серпе көтеруде (219) кіші алтын жүлдеге қол жеткізді.