Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оқиға бүгін түнгі сағат 00:20 шамасында болды. Ататүрік көшесіндегі 5 қабаттың үйдің 300 шаршы метр шатыры түгелімен жанып кетті. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйден 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарушылар келгенше 120-ға жуық адам көшеге өз бетімен шығып үлгерген.
Өрт толығымен сөндірілді.
«Зардап шеккендер және қаза болғандар жоқ», — делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта