Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.
«Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін белгісіз біреу өртеп жібергенін жазған болатынбыз.