Мемлекеттік сатып алу заңын бұзғаны үшін олар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.
Бірнеше медициналық мекеменің қызметкерлері кәсіпкерлерге келісімшарттық құжаттарды қайтармаған.
Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді.
«Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында талдамалық жолмен 6 медицина мекемесі кәсіпкерлерге жалпы сомадан қамтамасыз ету шеңберінде енгізілген шартты 3% мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қайтармағаны анықталды», — деп атап өтті ведомствода.
Осындай медициналық ұйымдардың қатарында Железин, Баянауыл, Ақтоғай, Аққулы аудандары ауруханалары, Ақсу қалалық ауруханасы бар.
Департамент істі бақылауға алғаннан кейін 10 кәсіпкер өздеріне тиесілі ақшаны қайтарып алды.