Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев биыл жасақталатын өңірлердегі Президенттік жастар кадрлық резервінің құрамына қандай мамандар қабылданатынын айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, Президенттік жастар кадрлық резерві бар. Оның құрамы биыл тағы толығады. Жыл сайын білікті жастардың мемлекеттік қызметке араласуына мүмкіндік ұсыну қажет. Сонымен қатар, қазір біз биыл бірінші рет өңірлерде Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтаймыз. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандардағы бөлім басшылары немесе облыстық деңгейдегі бөлім бастықтары, басқарма басшыларының орынбасарлары қабылданады», — деп баяндады агенттік төрағасы.