Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының кубогы басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен атлеттер қатысып жатыр. Сондай-ақ ұлттық құрама команда өкілдері де бақ сынайды.
Турнир үш күнге жоспарланған.Айта кетейік, кубокпен қатар Қазақстан жасөспірімдер чемпионаты да өтіп жатыр.