Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің қызметкерлері аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта Абай облысында 3 учаскеде: Поднебесное, Успенка ауылдарында, Каштак орманшылығында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Аэровизуалды тексеру жүргізілу үстінде.
Сонымен қатар, өрт орнына арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді.
Басқару органы ол жерден төтенше жағдай аймағындағы өз функцияларын атқара береді.