Сомали ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Сомалидің Төменгі Шабелле аймағында ескі бомбаның қалдықтары жарылып, кем дегенде 27 адам қаза тапқан. Марқұмдардың көбі — балалар, деп хабарлайды CNN.
SONA агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан кемінде 53 адам жараланған.
«Оқиға Төменгі Шабелле аймағының шығысындағы Жанаале ауданы Мурале ауылында болды» делінген хабарламада.