aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы мен адвокаты пара беруге оқталды деген күдікке ілінді

3 июля, 2023
in Қызыл бұрыш
0
Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы мен адвокаты пара беруге оқталды деген күдікке ілінді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Экс-мәдениет және спорт министрінің адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істерді жедел сүйемелдеу аясында сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке араласуға бағытталған аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғаны анықталды.

«Жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды.

А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған. Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды», — делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен бірге, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен А. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды», — делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеуге алып келетін алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына баса назар аударады. Осындай жағдайларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуды немесе осындай фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлауды сұраймыз», — дейді Антикор өкілдері.

Алдыңғы жаңалық

Абай облысында тағы өрт шықты

Келесі жаңалық

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі