aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Қарағанды облысында аудандық мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті

3 июля, 2023
in Қызыл бұрыш
0
Қарағанды облысында аудандық мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аманат партиясының Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева жол апатына ұшырады. Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға кеше, 2 шілдеде Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында, «Ботақара-Доскей» тасжолында болды.

Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде Аманат партиясының Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева болған.

«Қазіргі уақытта ол демалыста. Жүргізушінің тәжірибесі бар екені және көлік апаты кезінде мас болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция департаменті жол апаты фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлілер заңда көзделген жазаға тартылады», — деп хабарлады AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалынан.

Полиция департаментінен мәлімдегендей, 33 жастағы әйел жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан малға соғылған. Осыдан кейін жүргізуші рульді басқара алмай, мотоциклді қағып кеткен. Онда 8 және 16 жастағы кәмелетке толмаған екі бала болған.

«Апат салдарынан жасөспірімдер жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі толық және объективті тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда әйел адам жұмбақ жағдайда тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Келесі жаңалық

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі