aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Алматыда балабақшадағы балалар ойыны жұртты шошытты (видео)

4 июля, 2023
in Білім
0
Алматыда балабақшадағы балалар ойыны жұртты шошытты (видео)
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда балабақшаның екінші қабатындағы терезесінен кіріп-шығып, ойнап жүрген балалар жұрттың қорқынышын туғызды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желіде тараған видео қалың қауымның қызу талқысына түсіп, бөбекжайға баласын апаратын ата-аналарды алаңдатып қойды. Екінші қабаттағы терезеден кіріп-шығып, емін-еркін шауып жүрген бүлдіршіндердің құлап түссе оңбайтыны видеодан анық байқалады. Өйткені балабақша маңына тұтас бетон төселген.

Желіге жүктелген видео терезе маңында түсірілген. Мұндағы қызметкерлердің айтуынша, терезеге шыққандар тәрбиеленуші емес, музыка пәні мұғалімінің баласы. Ол мұнда шығып, ұшып кеткен шарды алмақ болған көрінеді.

Ал осында жылдар бойы қызмет етіп жүрген тәрбиеші жағдайдың бұлай ушығып кетерін білмеген. Оның айтуынша, жағдай осыдан бір ай бұрын болған.

«Оқиға болған күні балам қосымша сабақтан келген еді. Балабақшаға мен әкелдім. Мен дәретханаға шығып кеткенде екі бала шармен ойнап жүрген. Терезені ашып тұрған. Олар ұшып кеткен шарды алып, ішке түскен. Соны түсіріп алыпты», – дейді № 147 бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі Айсұлу Тағылымова.

Балабақша қызметкерлері бұрын түсірілген видеоның күні кеше желіге жариялануы «қасақана жасалған әрекет» деп пайымдайды. Өйткені балаларды ойлаған ата-ана түсірген болса, сол күні ескерту жасауы керек еді.

«Бүгінгі таңда балабақша қызметкерлеріне қатаң сөгіс берілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балабақшада терезе құлыптары бар. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешілердің үнемі бақылауында болады», – деді Түрксіб аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанна Қадырханқызы.

16 топтан тұратын 390 баланы қабылдайтын балабақша басшылығы мұндай келеңсіздіктің алғаш болғанын айтып, ақталды. Енді мекемеге бөтен бала келмейді, тәртіп күшейтіледі.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда жер сілкінді

Келесі жаңалық

Тікұшақ тартылды: Жамбыл облысында өрт шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі