aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Қазақстан Ресейден АИ-95 бензинін импорттауға мәжбүр

4 июля, 2023
in Қызыл бұрыш
0
Қазақстан Ресейден АИ-95 бензинін импорттауға мәжбүр
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында елдегі жанармай қорының нақты көлемін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі сағат 9.00-дегі жағдай бойынша бізде АИ-92 маркалы бензиннің қоры 23 күнге жетеді. АИ-95 маркалы бензиннің қоры –15 күнге, дизельдің қоры 29 күнге жетеді», — деді ведомство басшысы.

Министр жанармай тапшылығы туындаған жағдайда оның бағасын қолдан қымбаттату, алып-сату әрекеттері жиілейтінін еске салып, бұл бағытта тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«АИ-95 маркалы бензиннен басқа қандай да бір жанармайдың бағасының күрт өсуін болдырмаймыз деп ойлаймын. Өйткені оны Ресейден импорттауға тура келеді. Қазір АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 тәулікке жетеді. Павлодар мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ақауға байланысты, Шымкент зауытының АИ-95 маркалы бензиннің өндіріс көлемін азайтуына байланысты нарық қажеттілігін Ресей Федерациясынан алдыратын импорт арқылы ғана толық жабамыз деп күтіп отырмыз. Ресеймен тиісті келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бізге шамамен 40 мың тоннадай АИ-95 маркалы бензин импорттау қажет. Келіссөз жүріп жатыр. Қазір «Газпром нефть» жеткізе бастады», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Алдыңғы жаңалық

Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен жаттықтырушы іздестіріліп жатыр

Келесі жаңалық

Павлодарда ағаш кесіп жатқан 3 адамды ток соқты, екеуінің жағдайы ауыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі