Ресей құрамасы сапында конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алты дүркін қола жүлдегері болған Елизавета Голубева Қазақстан құрамасына ауысуға өтініш білдірді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей конькишілер одағының президенті Николай Гуляев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде Голубеваның Қазақстан құрамасына ауысуға жазған өтініші бар. Қазір белгілі бір бюрократиялық процедуралар жүріп жатыр. Біз ел ішінде де, шетелге де ауысу үшін Ресей конькишілер одағының атқарушы комитеті бекіткен ережелерге сәйкес әрекет етеміз», — деді Гуляев.
Агенттік «Конькишінің өзге елге кетуіне Ресейдің спортшыны халықаралық жарыстардан аластатуы себеп болған жоқ па?» деген сұрақ қойған.
«Ауысу себептерін спортшының өзінен сұраған дұрыс. Бірақ, ешкімді күштеп, мәжбүрлеу мүмкін емес. Әркім өзі шешеді», — деп жауап берді агенттікке сұхбат беруші.
Елизавета Голубева 26 жаста. 2022 жылы Бейжіңде өткен алғашқы Олимпиада ойындарында ол 1 500 метрге жүгіруде 7-ші, командалық жарыста 4-ші және масс-стартта 15-орын алды. 2022/2023 жылғы маусымдағы масс-стартта Ресей чемпионатының «алтынын» жеңіп алды, командалық жарыста екінші, ал 1000 және 3000 метр қашықтықта үшінші болды.