Бүгін, 9 шілдеде түскі сағат 12 шамасында Алматыда «Кенжехан-2» киім базары аумағындағы қоймалардың бірі отқа оранып, ондағы өрт сағат 12-52-де оқшауланған болатын, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«Оқиға орнында бірден жедел штаб құрылып, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды. Көрші тұрған контейнерлерге оттың ұласпасы үшін өрт оқпандары іске қосылды. Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктің жүктемесі барына, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан өрт сағат 14:05-те толықтай сөндірілді», — делінген хабарламада.
Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД және қалалық қызметтердің күштері мен құралдары тарапынан 74 адам, 20 техника жұмылдырылды.