Батыс Қазақстан облысында күшті жел балабақшаның шатырын жұлып түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 шілде күні кешке қарай Казталов ауданы Қошанкөл ауылында болды.
«Сағат 17.45-те екпіні секундына 16 метрге дейін жеткен қатты жел қос қабатты «Қарлығаш» балабақша ғимаратының 320 шаршы метр шатырын ұшырып әкеткен. Бұл туралы сағат 18.50-де хабар түскен. 1984 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы – 381 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын анықталу үстінде», — деп хабарлады ведомстводан.