aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қазақстанда тоғыз банк таратылады

10 июля, 2023
in Әлеумет
0
Қазақстанда тоғыз банк таратылады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Бұл ретте тоғыз банк бойынша тарату процесі жүріп жатыр. Бұл мәліметті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Белгілі болғандай, агенттік 2022 жылдың басынан бері екінші деңгейлі банктердің басшы қызметкері лауазымына 13 үміткерді бекітуден бас тартқан.

«Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап Агенттік басшы қызметкер лауазымына 10 кандидатты келісуден бас тартты.

Сақтандыру секторында 26 ұйым жұмыс істейді, 2022 жылдан бастап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына 11 кандидатты келісуден бас тартты.

Микрокредит беру секторында 252 микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиясынан айырылды», — делінген құжатта.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында әрекеті не әрекетсіздігі қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға әкеп соққан тұлғаларды Агенттіктің есепке алу мүмкіндігі көзделмеген.

«Осыған байланысты өзге қаржы ұйымдарында олардың басшылық лауазымға орналасуына жол бермеу мақсатында осы адамдардың есебін жүргізу және бақылау жүргізу ұсынылады.

Осылайша, уәкілетті орган жосықсыз адамдардың қаржы секторындағы лауазымдарға орналасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдай алады», — делінген құжатта.

Құжатты қоғамдық талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

Сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынды

Келесі жаңалық

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі