aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Ғажайып

Жас геологтар Олимпиадасы ашылды

10 июля, 2023
in Ғажайып
0
Жас геологтар Олимпиадасы ашылды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысы Қонаев қаласындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, «Kazakhmys Barlau» ЖШС және «Жас геолог» корпоративтік қоры, сондай-ақ Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys корпорациясы, «ERG» ЖШС, Kazzinc» ЖШС ұйымдастырған.

Олимпиаданың мақсаты – жастардың геология ғылымына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету. Сонымен қатар оқушыларды елдегі геоэкология және табиғи қазбаларды қорғау проблемасына назар аударту, Отансүйгіштікке баулу.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Олимпиадаға Қазақстанның барлық түкпірінен 16 команда мен 200-ден аса бала қатысып жатыр. Олар – 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы салалары бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Геологияға деген қызығушылық тек ғылым ретінде емес, сондай-ақ экономиканың маңызды саласы ретінде қарастырылып, жас балалар үшін жетістіктерге жетіп, ғылыми жаңалықтар ашуға стимул болуы тиіс. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде өтіп, жылдан-жылға жас геологтар санын көбейтуге сеп болады», — деді «Жас геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов.

Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Утебаев атындағы мұнай және газ Атырау университетің геологиялық мамандықтарына грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Алдыңғы жаңалық

Өзбекстанда сел кезінде құбырға тығылған екі әйел қаза тапты

Келесі жаңалық

Айқын Төлепберген: Төреғалидың жасында менің де басымнан сондай жағдай өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі