aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Екібастұзда дала өртінен 73 қой-ешкі жанып кетті

18 июля, 2023
in Uncategorized
0
Екібастұзда дала өртінен 73 қой-ешкі жанып кетті
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Екібастұз іргесіндегі дала өртінен Әлкей Марғұлан ауылында 73 бас ұсақ мал шығыны болды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше дала өрттері орын алған Баянауыл, Май аудандары және Екібастұздың ауылдық аймақтарына бардым. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, мәселелердің шешу жолдарын бірлесіп талқыладық», — деп жазады облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Іnstagram парақшасында.

Әкімнің мәліметіне сай, шаруаларға 4 бағытта көмек көрсетіледі:

— шабындық үшін арзандатылған дизель отынының көлемі 4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін артады

— жемшөп дайындау үшін субсидия көлемі бір бас ІҚМ үшін 7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін және ұсақ мал үшін 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін артады

— мұқтаж фермерлерге қор санаты, мемлекеттік орман қоры және жайылма учаскелерінде шөп дайындауға мүмкіндік береміз;

— дәнді дақыл жинау кезінде сабан дайындауды қарастыратын боламыз, жинауға мүмкіндік болатындай, сабан ұсақталмай егістіктерде қалдырылады.

«Сондай-ақ, өрт салдарынан 73 бас ұсақ мал (50 ешкі және 23 қой) жанып кеткен Әлкей Марғұлан ауылының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен материалдық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, жазғы үйі мен малға арналған қоршауы зардап шеккен екі шаруашылыққа да дәл осындай көмек көрсетіледі», — деп мәлім етті Асайын Байханов.

Алдыңғы жаңалық

Қарағандыда медицина мекемесінен қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Келесі жаңалық

Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі