aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыда Абай даңғылын жөндеу жұмысына байланысты 16 автобустың маршруты өзгереді

20 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Алматыда Абай даңғылын жөндеу жұмысына байланысты 16 автобустың маршруты өзгереді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы әкімдігі Абай даңғылын жөндеу жұмыстары қай учаскеде жүретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдіктің мәліметінше, Абай даңғылының батыс бағытында Достық даңғылынан Есентай өзеніндегі көпірге дейін және шығыс бағытта Тілендиев көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі аумақта жөндеу жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысы қалпына келді.

Енді жөндеу жұмыстары Әуезов көшесінен Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі аумақта басталады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 шілде күні сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағы толық жабылып, полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір маршруттардың 21 шілде күнгі жүру схемасына уақытша өзгерістер енгізілді:

№3 — Шығыс бағытта — Абай даңғылы — Жароков көшесі — Сәтпаев көшесі — Сейфуллин даңғылы — Абай даңғылы, ары қарай схема бойынша;

Батыс бағытта – өзгеріссіз;

№25 — Шығыс бағытта — Абай даңғ.- Жароков к-сі — Сәтпаев к-сі — Сейфуллин даңғ. — Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;

№34 — Шығыс бағытта — Абай даңғ.- Жароков к-сі — Сәтпаев к-сі — Сейфуллин даңғ. — бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта — өзгеріссіз;

№57 — Шығыс бағытта — Абай даңғ.- Жароков к-сі — Сәтпаев к-сі — Сейфуллин даңғ. — Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта — өзгеріссіз;

№62 — Батыс бағытта — Абай даңғ. — Жароков к-сі — Жандосов к-сі — «№ 12 қалалың аурухана»; Шығыс бағытта – «№ 12 аурухана — Сәтбаев к-сі — Сейфуллин даңғ. — бұдан әрі схема бойынша;

№65 — Шығыс бағытта — Абай даңғ. — Розыбақиев к-сі — Сәтпаев к-сі — Сейфуллин даңғ. — Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;

№66 – Шығыс бағытта-Жандосов к-сі — Сәтпаев к-сі-Сейфуллин даңғ; Батыс бағытта — өзгеріссіз;

№ 80 — Оңтүстік бағытта — Байзақов к-сі — Жамбыл к-сі — Мұқанов к-сі — Сәтпаев к-сі-Манас к-сі — бұдан әрі схема бойынша; Солтүстік бағытта — Әуезов к-сі — Жамбыл к-сі — бұдан әрі схема бойынша;

№92 — Шығыс бағытта — Абай даңғ. -Жароков к-сі — Сәтпаев к-сі — Сейфуллин даңғылы — Абай даңғылы — бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;

№98 — Шығыс бағытта — Сәтпаев көшесі — Сейфуллин даңғылы — Абай даңғылы — бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз ;

№118 — Шығыс бағытта — Абай даңғылы — Гагарин даңғ. — Сәтпаев к-сі — Сейфуллин даңғ.-Абай даңғ. — бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;

№128 — Шығыс бағытта — Абай даңғылы — Гагарин даңғ. — Сәтпаев к-сі — Сейфуллин даңғ. — Абай даңғ. — бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;

№120А — Шығыс бағытта — Абай даңғылы — Гагарин даңғылы — Сәтпаев көшесі — Сейфуллин даңғылы — Абай даңғылы — бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;

ТП25 — Шығыс бағытта-Марғұлан к-сі — Момышұлы к-сі — Абай даңғ. — Әуезов к-сі — Гоголь к-сі — ПКиО; Кері бағытта — өзгеріссіз;

ТП5 — Шығыс бағытта — Сайын к-сі — Жұбанов к-сі — Сайын к-сі — Абай даңғ. — Әуезов к-сі — Гоголь к-сі — Абылай хан даңғ. – «Алматы – 2» теміржол вокзалы; Кері бағытта – өзгеріссіз;

ТП19 — Шығыс бағытта — ҚАП3 — Әшімов к-сі — Раскулов даңғ. — Емцов к-сі -Райымбек даңғ. — Өтеген батыр к-сі — Абай даңғ. — Әуезов к-сі — Гоголь к-сі -ПКиО — Гоголь көшесі — Қалдаяқов көшесі — Жібек Жолы көшесі — Көк базар. Кері бағытта – өзгеріссіз.

«Жол апатын алдын алу және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының (@qmb_almaty) ресми парақшаларында, сонымен бірге, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады», — деп хабарлады әкімдік.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Келесі жаңалық

Астанада жерлеу орындарын онлайн таңдауға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі