aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Кәсіби спортшы блогер Әсел Асқарды жаттығу залында соққыға жыққан

17 августа, 2023
in Uncategorized
0
Кәсіби спортшы блогер Әсел Асқарды жаттығу залында соққыға жыққан
0
SHARES
49
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Блогер Әсел Асқар Алматының жаттығу залдарының бірінде грек-рим күресі палуанынан бірнеше соққы алғанын жазды, деп хабарлады Azattyq Ruhy. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ер азамат мобилографтың оны түсіргеніне наразылық білдірген.

«Мен оған сізді ешкім түсіріп жатқан жоқ деп түсіндірдім. Ол менің ашумен айтқан сөзімді көтере алмай қасыма келіп, бірнеше рет соққы жасады. Сол жерде тұрған 3 қызға қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытты. Ол кәсіби спортшы болғандықтан, мен алған соққыдан зардап шектім. Кейін оқиға орнына анам келді. Ол анамды да менсінбей, «сөйлесетін еркек жоқ па?» деп біздің жеке басымызға өтіп, балағат сөздерді айтты», — деді дейді Әсел Асқар.

Блогер атағандай, болған оқиғадан кейін ол жедел жәрдем көлігін шақыртып, кейін Медеу аудандық полиция департаментіне барып арыз жазған. Әселдің айтуынша, кәсіби спортшы өте ауқатты және жазадан сытылып кетуі де мүмкін.

«Ол баратын жаттығу залда VIP клиент, яғни 3 млн теңге төлеп отыр. Астындағы көлігі де қымбат. Сол үшін де ешкімнен қорықпайды. Тіпті, менен кешірім де сұрамады. Ол осыған дейін «бұзақылық» бойынша істі болғандығы да анықталды. Қыруар ақшасы болғандықтан, жазадан құтылып кететініне сенімді болып отыр. Мен заң аясында оның жазаланғанын қалаймын», — деп блогер үндеу жасады.

Оның айтуынша, Қазақстанда ешбір әйел зорлық-зомбылыққа ұшырамауы керек. Заң оларды толық қорғау керек.

Блогердің үндеуіне Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов іс назарға алынғанын айтып, жауап берді.

Бұл оқиғаға қатысты құқық қорғаушы Дина Таңсәрі пікір білдірді.

«Миллиондаған оқырманы бар блогерлер өз аккаунттарында кем дегенде екі айда бір рет әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жайлы жазса, елдегі жағдайды түбегейлі өзгерте алады. Қоғамдық айыптау түрме жазасынан гөрі қорқынышты, агрессорлар егер олар осылай жасаса, достары мен таныстарының, құрметті адамдарының қолдауын таба алмайтынын түсінуі керек.

Күн сайын қанша әйел ұрып-соғуға, қудалауға ұшырайтыны туралы ойланыңыз, өйткені кез келген сәтте Әселдің орнында сіздің қызыңыз немесе әпкеңіз, сіздің анаңыз немесе әйеліңіз болуы мүмкін, Қазақстандағы агрессиядан ешкім сақтандырылмаған», — деп жазды ол.

Таңсәрі атағандай, елімізде жәбірленушілерге қарағанда агрессорлар көбірек қорғалады. Себебі заңды жазатын агрессорлардың өзі.

Алдыңғы жаңалық

200-ден астам шетелдік Қазақстан арқылы Еуропаға заңсыз өтпек болған

Келесі жаңалық

Түркістан облысында зират балалар лагерінің аумағына кіріп кеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі