Шымкентте Қазір қала аумағында бұл санатқа кіретін азаматтар саны – 363 мыңға жетті. Бұл қала жастарының 32 пайызын құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық жоба аясында биылдан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру қолға алынды. Енді 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Осы бағытта қала бюджетінен 261 жасқа шағын несие беру жоспарда бар. Бұл – кәсіпкерлікпен, тауар өндірумен, сатумен, қызметтер көрсетумен, өнім өндірумен айналысқысы келетін жастарға берілген үлкен қолдау.
Кешегі Шымкент қаласының Азаматтық форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жастардың мұндай көрсеткішін алға тарта отырып, Шымкент қаласын «Жастар қаласы» — деп айтуға негіз бар деген болатын. Өйткені шымкенттік жастар әр салада өздерінің еңбегін көрсетіп, биік белестерді бағындырып келеді. Әсіресе бизнеске бет бұрған жастар өзінің қатарластарын жұмыспен қамтып қана қоймай, қаланың экономикалық дамуына да үлес қосуда.
Осы орайда, қаламыздағы жастар санатына кіретін жас кәсіпкер, «Villaggio» мейрамханасының иегері — Әділет Сәрсенбек. Жыл басында кәсібін бастаған бұл мейрамханада бүгінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
–Кәсіп бастау кез-келген адамның қолынан келетін іс. Нақты мақсаты болған адам үшін қорқыныш кедергі бола алмайды. Керісінше, тәуекелге бел буып, ойған алған ісін орындауға кіріседі. Осы мақсатта кәсіп бастауға ниеттенген жастарға берер үш кеңесім бар. Оның біріншісі — қызығушылық, екінші -ізденіс, соңғысы — қажырлы еңбек. Өйткені қызыққан саланы терең зерттеп, ізденіп, сол жолда еңбектенсе жеңіс тұғыры осындай берекеге алып келеді, — дейді жас кәсіпкер.
Жалпы, Шымкенттің Жастар ресурстық орталығының мамандары қала аумағындағы жастарды қоғамға белсенділігіні арттыру үшін түрлі кездесу ұйымдасытырып келеді. Жуырда орталық Забадам елді-мекені тұрғындарына арналған құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Құқықтық сауаттылық бойынша Әділдік жолы ҚБ шымкент қаласы филиалының төрағасы Айжан Кесебай, психолог, оратор Марал Жұмагелді мен Мансап орталығының маманы Журимбаева Сайда қатысты. Сала мамандары заңдағы өзгерістер мен құқықтық сауаттылық жөнінде сөз қозғап, шалғайлық тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен бағдарламалар жөнінде жеткізді.