Еліміздің ертеңі, бойында қайраты мен жігері бар жалынды жастардың қолында. Сондықтан, жастар арасында есірткінің алдын алу және нашақорлықпен күресу үшін қоғам болып, жұмыла кірісу қажет. Осы мақсатта, бүгін жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып, профилактикалық жұмыстар атқарылды. жауаптылар, «Rahima Plaza» сауда орталығында есірткі заттарын насихаттау, жарнамалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған әр бір іс болашақта өз қайырын береді. Мамандар есіртікінің жолын қиғаннан оның алын алу әлде қайда тиімді екенін айтады. Сондықтан Шымкенттің құқық органдары мәселені шешкеннен алдын алу үшін адам көп шоғырланатын орындарды түсіндіруді қолға алып отыр.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтай жиынында «Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр» деген болатын.
Шымкент қаласының Полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл ретінде қала әкімдігінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесе, үлкен сапу орындарын аралап, ондағы сауа орындарына түсіндірі жұмысын жүргізуде. Сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген және есірткі заттарына қызығушылығын арттыратын жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғаны ұдайы ескертіліп келеді. Сондай-ақ, ол үшін заңға сәйкес жауапкершілік бар екені түсіндіріліп, кәсіпкерлерге жадынамалық парақшалар таратылады.