Көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған 17 жастағы бала есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баланың жағдайы ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр», — дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаев.