Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған», — делінген хабарламада.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.