aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Үлкен Алматы каналы үстіндегі көпірді жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

13 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Үлкен Алматы каналы үстіндегі көпірді жөндеу жұмыстары қашан аяқталады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы әкімі Ерболат Досаев Сейфуллин даңғылындағы Үлкен Алматы каналындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімдігі хабарлағандай, визуалды тексеріс барысында негізгі үш мәселе анықталды.

Бірінші: тұрғындар үшін көпірге түсіп-шығу қауіпті жағдайға айналған. Көпірдің тірек қабырғалары мен құрылымында плиталардың бөлінуі байқалады. Бұл жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіреді.

Екінші: көпірдің гидроизоляциясы бұзылған. Мұндай ақау көпірде апат болу ықтималдылығын арттырады.

Үшінші: көпірдің көп бөлігінде жартылай құлап жатқан плиталар сұрықсыз көрінеді.

«Көпірді жөндеу 2023 жылға жоспарланған жоқ, дегенмен, тұрғындардың өтініші бойынша ол Сейфуллин көшесіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу бағдарламасына енгізілді. Қазіргі уақытта бүлінген гранит плиталар бөлшектеліп, тазартылып, орнына қойылды, жұқа қаптамалар күшейтілген бекітпелерге ауыстырылды. Қазіргі уақытта гранитті сатыларды бөлшектеу, тегістеу және орнату, тіреу қабырғаларын тақта таспен қаптау, аралық құрылыстың қасбеті мен арқалығын бояу жұмыстары аяқталды. Төбелер мен қабырғаларға плиталарды тегістеу және төсеу жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жөндеу жұмыстары кезінде көпірдің жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз болуын назарға алуды тапсырды.

«Біз көпірдің архитектуралық келбетін бұзбауға тырысамыз. Инфрақұрылымның тозатыны белгілі. Бұл жағдайда бір нәрсені өзгертуге мәжбүрміз, бірақ архитектуралық ансамбльді, құрылымның бастапқы түрін мүмкіндігінше сақтаймыз. Қазіргі таңда барлық жұмыс сапалы орындалды, жасанды материал жоқ, бүкіл жерде табиғи тас тұр», — деді Ерболат Досаев.

Ол сондай-ақ көпірдің ағымдағы жөндеу жұмыстарын қараша айының басына дейін аяқтауды, сондай-ақ, сараптама жүргізуді, қажет жағдайда көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарын 2024 жылға арналған жоспарға енгізуді тапсырды.

Айта кетейік, ҮАК үстінен өтетін көпір 1982 жылы салынған. Сондай-ақ Түрксіб ауданының тұрғындары көпірді жөндеу туралы әкімдікке бірнеше рет өтініш білдірген.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстан жемқорлық ең көп жасалатын елдер қатарында: Антикор түсініктеме берді

Келесі жаңалық

Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті: бір адам көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі