aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ким Чен Ын Ресейге барды

13 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ким Чен Ын Ресейге барды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Ресейге ресми сапармен барды, деп мәлім етті Табиғатты қорғау министрі және КХДР-мен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық серіктестік бойынша үкіметаралық комиссия төрағасы Александр Козлов Telegram-арнасында. Бұл туралы ҚазАқпарат РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Солтүстік Корея көшбасшысын күтіп алдым. Ким Чен Ын ресми сапармен Ресейге келді», — деп жазды ол.
Кездесу КХДР-мен шекарадағы Приморье өлкесі Туманная өзені үстіндегі көпірде болды. Министр Ким Чен Ынның пойыздан шығып жатқан видеосын жариялады, перронда әскери оркестр ойнап тұр.
Күтіп алу салтанаты аяқталған соң Солтүстік Корея басшысы Приморье губернаторы Олег Кожемяко мен Табиғатты қорғау министрлігі басшысымен келіссөз жүргізді.

«Біз бұрыннан көршілерімізбен жақсы қарым-қатынастамыз, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм мен басқа салалардағы серіктестіктің әлеуеті жоғары» , — деп жазды Кожекмяко Telegram-арнасында.
Кремльдің хабарлауы бойынша, сапар барысында Владимир Путин Ким Чен Ынмен жеке және кеңейтілген құраммен келіссөз жүргізеді. Оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу да қатысады.

Бұл сапарға Ким Чен Ынмен бірге Сыртқы істер министрі Чхве Сон Хи, Корея Еңбек партиясы ОК әскери басқарма бөлімшесінің басшысы Пак Чон Чхон, Орталық әскери комитет басшысының орынбасары Ли Бён Чхоль келген.

Бұған дейін Солтүстік Корея көшбасшысы 2019 жылдың сәуірінде Владивостокқа келген еді. Ол 2011 жылы қызметіне кіріскен Ким Чен Ынның Ресейге алғашқы сапары болатын.

Алдыңғы жаңалық

Е.Жамаубаев: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде 141 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды

Келесі жаңалық

Елімізде көлік салығы жойылуы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі