aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Бала мен ата-анаға қолдау көрсеткен жоба

13 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Бала мен ата-анаға қолдау көрсеткен жоба
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша қаламызда мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін сыйымдылығы аз алғашқы шағын үй ашылды. «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында психоневрологиялық ауытқуы және тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай стационарлық негізде әлеуметтік оңалту шаралары көрсетіледі. Пилоттық жоба ерекше балаларға сыйымдылығы аз үйлерде толыққанды тегін ем қабылдауға мүмкіндік береді.

–Жоба мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына үлкен көмек болып отыр. Өйткені олар балаларын осында күндіз сегіз сағатқа қалдырып, өздері жұмысқа шыға алады. 20 орынға есептелген орталықта балалар үш мезгіл тамақ және көлік тасымалымен қамтылған. Сыйымдылығы аз үйлерді ашудың нәтижесінде стационарлық мекемелерде қызмет алып жатқан бүлдіршіндер өз отбасыларына оралады. Ерекше балалардың күтімінде әсіресе ата-аналарының аялы алақаны, бауыр еті баласына деген ыстық махаббаты жанға дауа, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы.

Әлеуметтік кодекс шеңберіндегі пилоттық жоба Алматы, Астана және Шымкент қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды мен Түркістан облыстарында жүзеге асырылады. Жалпы Шымкент қаласы бойынша бүгінде 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген болса, оның 8 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары жұмыс істейді. Онда 1 мыңнан астам маман қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері 3065 адам оңалту шараларымен қамтылған. Оның ішінде 936 азаматқа әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне барып қызмет көрсетеді.

Алдыңғы жаңалық

Жастарды қолдау – тұрақты дамуға жол ашады

Келесі жаңалық

Шымкенттік жастар «Біз лудоманияға қарсымыз!» атты челленджін бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі