aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте білім саласында ауқымды жиын өтті

13 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте білім саласында ауқымды жиын өтті
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы жаңа оқу жылының басталуына орай, қаладағы барлық мемлекеттік және жекеменшік оқу орын басшылығы мен ұстаздар және жоғары сынып оқушыларымен әлеуметтік желі арқылы екі жиын өткізді.

Алғашқы жиын мектеп басшылығы мен жоғары сынып оқушылары арасында өтті. Алдымен жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаған басқарма басшысы Ж.Тажиева өткен жылы атқарылған жұмыстарға егжей- тегжейлі тоқтала келе, алдағы уақытта атқарылатын жоспарларды нақтылады. Қоғамдағы ұстаздардың орнының ерекше екенін айта келе, Ж.Тажиева ұстаздарды оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге және бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Жиын соңында оқушылардың ой- пікірлері мен сауалдарын тыңдаған басқарма басшысы Ж.Тажиева ай сайын осындай жиын өткізіп туратындығын жеткізді. Екінші жиын басқарма қызметкерлері мен мектеп директорлары, орынбасарлары және ұстаздар арасында өтті.

Мұнда да Шымкент қаласының білім басқармасың басшысы Ж.Тажиева жаңа оқу жылының басталуымен барша қатысушыларды шын жүректен құттықтап өтті. Өткен жылы атқарылған және атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар тәрбие саласына ерекше тоқталды. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, кемшілік жіберген мектептерді жекелей атап, сынға алды. Алдағы уақытта қайталанбауын талап етті.

Сондай-ақ басқарма басшысы білім сапасына да тоқталды. «Білімді — бірді, білекті мыңды жығатындығын» тағы да бір еске түсірді. Шымкент қаласының абыройын асқақтатқан, білім сапасы жағынан республикада жүздікке кірген барша мектеп басшылығына ерекше алғысын жаудырды. Көрсеткіші төмен мектеп ұжымдарын атап өтіп, жоғарыда жүздікке кірген мектептерден үлгі алуға үндеді.

Сыйбайлас жемқорлық мәселесі де қалыс қалмады. Өзекті мәселемен бірге күресуге шақырған Жанат Арысбекқызы «Мектепке жол» акциясы аясында жауапты мамандардың селқостығынан көптеген аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының мемлекет қаражатынан қағылғандығы ерекше аталып өтілді. Тазалық, оқушылардың қауіпсіздігі, суицид т.б. көптеген маңызды мәселерге де тоқталып, әріптестерін адал, әрі бірлесіп, жұмыс жасауға шақырды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласы аумағында түнгі рейд ұйымдастырылды

Келесі жаңалық

Алматы облысында 3 жасар бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі